Біздің қызметтер туралы көбірек біліңіз!
Кеңесші жақын арада Сізбен байланысады
Іс номенклатураларын құру
Іс номенклатурасын құру тәртібі. Істі қалыптастыру мен сақтау.

Іс номенклатурасы орындаған құжаттарды іске топтауға, істі жүйелендіру мен есепке алуға, олардың сақталу мерзімдерін анықтау үшін арналған және тұрақты және уақытша (10 жылдан астам) сақталатын істердің тізімдемесін құруға негіз болып табылады, сонымен қатар, уақытша (10 жылға дейін, қоса) сақталатын істерді есепке алу үшін арналған.

Іс номенклатурасын құру кезінде, құрылтайшылық шартты, құрылымдық бөлімшелердің ережелерін, қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтарын, үлгілік, салалық (ведомстволық) сақтау мерзімі көрсетілген құжаттардың тізімін, істің үлгілік номенклатураларын, құрылымын (штаттьқ кестесімен), жұмыс жобалары мен есептемелерін басшылыққа ала отырып жасайды, Ұйым қызметінде пайда болатын құжаттардың түрлері, құрамы мен мазмұны зерттеледі.
Іс номенклатурасы, осы Үлгілік ережелерінің* 27 қосымшасына сәйкес, (ағымдағы 10 желтоқсаннан кешіктірмей) ДОУ қызметімен, тиісті бөлімшелердің ұсынылған құрылымдық бөлімшелер істерінің номенклатурасы негізінде құрылады.

Қайта құрылған бөлімше бір ай мерзім ішінде құрылымның және оның ДОУ қызметі істерінің номенклатурасын жетілдіруге міндетті.

Ұйым істерінің номенклатурасына ДОУ қызметінің басшылығы қол қояды, ұйымның сарапшылық комиссиясымен (әрі қарай – СК) және құжаттар тұрақты сақтауға тапсырылатын мемлекеттік мұрағаттың (жергілікті атқарушы органның) (әрі қарай – СТК) сарапшылық тексерістік комиссиясымен келісіледі,сонымен қатар, ұйымның басшысымен (ағымдағы жылдың соңына дейін) бекітіледі. Іс номенклатурасы, ұйымның құрылымы мен функцияларында тұжырымдамалық өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік мұрағаттық мекемемен 5 жылда бір реттен кем емес келісіледі.

Ұлттық мұрағаттық қорды толықтырудың қайнар көздері болып табылмайтын ұйымдар, іс номенклатураларын СТК қарауына ұсына алмайды. Іс номенклатурасы даналары қажетті көлемде басылып шығады. Бекітілген номенклатураның бір данасы ол келісілген мемлекеттік мұрағатта сақталады. Іс номенклатурасы әр жылдың соңында ұйым басшылығымен айқындалып, бекітіледі, және өз күшіне келесі іс жүргізушілік жылдың 1 қаңтарынан енеді.

Іс номенклатуралары бөлімдерінің атаулары болып, ұйым құрылымының бекітуіне сәйкес орналастырылатын құрылымдық бөлімшелердің атаулары табылады (штаттық кесте). Номенклатураның бірінші тармағына, құрамында басшылықпен басқарылатын кеңес органдарының құжаттары мен жарлық құжаттары бар іс тақырыптары кіреді. Филиалдар мен өкілеттіктердің құжаттары ұйым қызметінің іс номенклатурасына тарау ретінде енгізілуі мүмкін.

Іс номенклатурасының дербес тарауы болып, қоғамдық ұйымның атауы бола алады. Осы тарау, ұйымның іс номенклатурасының барлық тарауларынан кейін орналасады.
Құрылымы жоқ ұйымдар үшін, іс номенклатурасы өндірістік-салалық немесе атқарымдық сызбаға сүйеніп құрылады. Тараулардың атаулары қйым қызметінің бағыттарына сәйкес болуы тиіс.

Құжаттардың құрамы біртекті астыңғы ведомстволық ұйымдар үшін, жоғары тұрған мекеменің (жоғары тұрған ұйымдар ДОУ қызметімен үлгілік іс номенклатуралары құрылады. Мұндай номенклатуралар орталық мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттаманы басқару органдарының келісіміне жатады, немесе облыстық, қалалық, республикалық және астаналық маңызды жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.