Біздің қызметтер туралы көбірек біліңіз!
Кеңесші жақын арада Сізбен байланысады
Құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын сараптау
Ғылыми-техникалық құжаттаманың құндылығына сараптама жүргізу тәртібі

Ғылыми-техникалық құжаттаманың негізгі түрлерінің құндылығына сараптама жүргізудің өзгешелігі болып, осы сараптаманы екі кезеңмен өткізу табылады.
Бастапқы кезеңде жобалық, құрастырымдық, технологиялық құжаттама бойынша, өнеркісіптік өндіріс өнімдері мен технологиялық процестер, жоспарлау объектілері мен күрделі құрылыс жобаларын таңдау жүзеге асырылады, осылар бойынша ғылыми-техникалық құжаттама тұрақты сақтауға тапсыруға жатады.

Сараптаманың бастапқы кезеңнің қорытынды нәтижесі болып, жобалар мен мәселелер тізімін құру табылады, осылар бойынша ғылыми-техникалық құжаттама мемлкеттік сақтауға осы Ереженің 15 қосымшасына сәйкес тапсырылуына жатады.
Жобалар мен проблемалар тізімі, осылар бойынша ғылыми-техникалық құжаттамасы тұрақты сақтауға (әрі қарай – тізім) тапсыруға жатады, мұрағат қызметшісі мен ұйым мамандарымен қосылып белгілі уақыт аралығында, оның қызметі басталу кезінен бастап құрастырылады.

Тізімдеме бес жылда бір реттен кем емес құрылады.

Тізімдеге кіретін жобалар мен өнімдерді жүйелендіру, хронологиялық, тақырыптық және тақырыптық-хронологиялық белгі бойынша жүзеге асырылады.

Тізімдеме ОСК (СК) келісіледі, оны ұйым басшысы мен жергілікті атқарушы органның СТК (республикалық мемлекеттік мұрағаттың) басшысы бекітеді. Тізімдемеге ұйымның ОСК (СК) хаттама немесе мәжіліс хаттамасынан үзінді көшірмесі тіркеледі. Тізімдеме екі данада құрылады, жергілікті атқарушы органның (республикалық мемлекеттік мұрағаттың) СТК бекіткеннен кейін бір данасы ұйымға қайтарылады, ал екіншісі мемлекеттік мұрағатта қалады.

Ғылыми-зерттеушілік және патенттті-лицензиялық құжаттаманың құндылығын сараптау тізімдеме құрусыз бір кезеңде өткізіледі.

Құндылықты сараптаудың екінші кезеңінде сараптауға, тізімдемеге енгізілген жобалар мен өнімдер құрамына кіретін жобалық, құрастырушылық және технологиялық құжаттар жатады. Істің тізімдемесі ғылыми-техникалық құжаттаманың әр түріне бөлек жасалады (жобалық, құрастырушылық технологиялық, ғылыми-зерттеушілік және патентті-лицензиялық) және ғылыми-техникалық құжаттаманың түрін анықтайтын сандық индексі бар жеке нөмірге ие болады.

Бір уақытта ғылыми-техникалық құндылығы жоқ және практикалық мәні жоғалған құжаттамалардың анықталуы, оларды жоюға жіберу мақсатымен жүргізіледі.

Қайнар көздер: Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын және басқа да ведомстволық және жеке мұрағаттардың құжаттарын қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану ережелері Қазақстан Республикасының № 1583 « 26».12.2011 жылдың Үкімет Қаулысымен Бекітілген.