Біздің қызметтер туралы көбірек біліңіз!
Кеңесші жақын арада Сізбен байланысады
Тарихи анықтама
Ұйым мұрағатында мұрағаттық қорға, қор құраушы мен мұрағат қорының тарихы, оның құжаттары құрамының қысқаша сипаттамасы мен мазмұны және ғылыми-анықтамалық жүйе бойынша мәліметтері бар құжат ретінде тарихи анықтама құрылады.

Тарихи анықтама тараулардан тұрады: қор құрушы тарихы, қор тарихы, мұрағаттық қор құжаттарының сипаттамасы.

Тарихи анықтама төрт данада басылып шығады: үш данасы мұрағаттық қордың құжаттарын бастапқы тапсыру кезінде мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады, біреуі қор ісінде ведомстволық немесе ұйымның жеке мұрағатында сақталады.

Тарихи анықтама мұрағаттық қордың толтырылуы кезінде толықтырылады немесе ұйымның қайта құрылуы жағдайында толықтырылады. Тарихи анықтама (оның бөлігі) мемлекеттік мұрағатқа әр аяқталған іс немесе құжат тізімдемесімен тапсырылады.