Біздің қызметтер туралы көбірек біліңіз!
Кеңесші жақын арада Сізбен байланысады
Тізімдеме құру
«CORPUS SERVICE» қысқа мерзімде істер тізімін жасайды.
Кез келген компанияның немесе құрылымдық ұйымның құжаттамасы қатаң есеп пен құрылымды талап етеді. «CORPUS SERVICE» қысқа мерзімде істер тізімін жасайды.
Біз сапалы және кәсіби жұмыс істейміз, соның арқасында сіздің компанияңыздың құжаттамасы туралы толық ақпарат аласыз.

Іс пен құжаттардың тізімдемесін жасау тәртібі Тізімдемелік баптың элементтері және істің тақырыптарын, құжаттарды тізімдемеге енгізу тәртібі, тізімдеме кестелерін толтыру, Құжаттау және құжаттаманы басқару Ережелерінде көрсетілген тәртіппен бірдей.

Тұрақты сақталатын істер мен құжаттардың тізімдемесі 4 данада жасалады, оны бекіткеннен кейін үш данасы мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады, біреуі-ұйымның мұрағатында қалады.

Жеке құрам бойынша істердің тізімдемесі 4 данада жасалады, оны бекіткеннен кейін бір данасы мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады, ал үш данасы- ұйым мұрағатында қалады.
Титул парағындағыуақытша (10 жылдан астам) сақталатын істер мен құжаттардың тізімдемесінде мемлекеттік мұрағаттың ресми атауы қойылмайды.

Уақытша (10 жылдан астам) сақталатын істер мен құжаттардың тізімдемесіне, мұрағат қарауы бойынша мазмұны, кіріспесі және қысқартылған сөздер тізімі құрыла алады.
Уақытша (10 жылдан астам) сақталатын істер мен құжаттардың тізімдемесіне, ұйым қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін ұзақ практикалық мәні бар іс тақырыптары кіреді.
Уақытша (10 жылдан астам) сақталатын істер мен құжаттардың тізімдемесі 4 данада жасалады, және оның бекітілуінен кейін бір данасы мемлекеттік мұрағатқа тапсырылып, үшеуі - ұйым мұрғатында қалады.

Егер Сіздің Компанияңыз, тізімдемені құруға байланысты сұрақтарды шешу бойынша кімге жолығуын білмесе, CORPUS SERVICE , өз Тапсырыскерлерінің мүдделері бойынша тұрақты және уақытша сақталатын құжаттардың тізімдемесін құұру бойынша қызмет түрін ұсынады.